ШҚО полицейлері ауыр жарақат алған әріптестеріне қолдау көрсетті
Фото: egemen.kz
Қазақстан полициясы күні қарсаныңда ШҚО ПД бастығы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен лейтенант Дамир Серіковке барып қайтты.
Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жеке құрамның қолдауын жеткізіп, Дамир Серіковті кәсіби мерекеге орай құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, Дамир Серіков 2019 жылы көше қиылысында жол қозғалысын реттеу кезінде болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен. Алған жарақаттары салдарынан лейтенант полициядағы қызметін жалғастыра алмаған.
ПД бастығы Ерлан Омарбеков Дамир Серіковті кәсіби мерекеге орай құттықтап, полиция қызметкерлері денсаулығын, кейде тіпті өмірін құрбан етіп, әрқашан тәуекелге баруға дайын болатындықтарымен ерекшеленетінін атап өтті.
Сонымен қатар, осы мереке қарсаңында тәртіп сақшылары қаза болған әріптестерінің отбасыларын да ескерусіз қалдырмады. Өскемен қалалық ПБ бастығы Андрей Мула қаза тапқан полиция старшинасы Руслан Нұрғалиевтың отбасымен жүздесіп, әріптесінің жары мен балаларына сыйлық табыстады.