Лагерьде есірткіге қарсы күрес тақырыбында іс-шара өтті – ШҚО
Фото: polisia.kz порталынан алынды
ШҚО-дағы «Жігер» балалар-жасөспірімдер лагерінде «Есірткіге қарсы туризм» атты науқан өтті.
Бұл іс-шара Нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өткізілді, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Аталған іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жасөспірімдерге денешынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырды. Балалар үшін ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімімен бірлесіп шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг бойынша жарыстар, суреттер байқауы, сондай-ақ жасы ең кіші балалар үшін педагогтардың қатысуымен “Салауатты өмір салты” тақырыбында викторина өткізді. Науқанға армрестлингтен алты дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Алижан Мұратов қатысып, балаларға чемпионаттарға дайындық элементтерін көрсетті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және ПД ЕҚҚІҚБ-ның сыйлықтарымен марапатталды, сондай-ақ оларға «Есірткіге «жоқ» деп айт!» логотипі бар кепкалар мен футболкалар табысталды.