Ел ертеңі үшін: ШҚО-да маңызды акция өтті
ШҚО-да жеткіншектерге салауатты өмір салтын насихаттау, темекі, алкоголь және психобелсенді заттардан аулақ болуды түсіндіру мақсатында өтетін шаралардың қатары артып келеді.
Өңірдегі тәртіп сақшылары балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар мен акцияларды тұрақты түрде өткізеді. Осы мақсатта 16 сәуірде ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық Гір спорты және армрестлинг федерациясымен бірлесіп "Спорт есірткіге қарсы!" акциясын өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
33-95 кг арасалмағында ұйымдастырылған облыстық турнирде жас шектеуі қойылмады. Ең жас қатысушылар әр қолына салмағы 5 кг болатын гір тасын көтеріп, шыдамдылық танытты. Сонымен қатар 48, 53 және 63 келі салмақ дәрежесінде қыз-келіншектер күш сынасты.
Жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушылары департамент атынан дипломмен, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай шаралардың еліміздің ертеңі үшін маңызы зор екенін айта кеткен жөн.