KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Шынайы ақпарат әлеумет үшін өте өзекті – ШҚО әкімі

Фото: Аяужан Утеулинова

28.06.2023, 10:44 301 ALTAINEWS

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.

Мерекеге орай ШҚО әкімі ақпарат саласының қызметкерлерін марапаттап, өз құттықтауын жолдады, деп хабарлайды Altауnews.kz сайты.

«Құрметті шығысқазақстандықтар!

Бүгін елімізде төртінші билік өкілдері – бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтуде. Журналистика – асқан кәсіпқойлық пен жауапкершілікті, жан-жақтылықты, сауаттылықты талап ететін кәсіп. Әр уақытта сауатты әрі шынайы ақпарат әлеумет үшін өте өзекті екені сөзсіз. Журналистер қоғамдық пікір қалыптастыруда ерекше рөл атқарып, көптеген түйткілді мәселелердің дұрыс шешім табуына ықпал етіп келеді. Сонымен қатар жыл сайын Қазақстанда ақпараттық кеңістікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, журналистер қауымына зор қолдау көрсетіліп келеді. БАҚ саласының қызметкерлері! Төл мерекелеріңізде қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Қаламдарыңыз талмай, шабыттарыңыз шыңдала берсін!»  деді Ермек Көшербаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив