ШҚО полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков 19 тұрғынмен кездесті.
Қабылдауға келген облыс тұрғындары қылмыстық істерді тергеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ПД басшысы мәселелерді өз бақылауына алып, басқармалардың басшыларына арнайы тапсырма берді.
Сонымен қатар ШҚО ПД бастығы сыртқы полиция қызметінің қызметкерлерімен кездесіп, патрульдік полицейлермен қызмет өткеру тақырыбын, жұмыс уақыты режимін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.