KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 5 м/с, З
443.72 482.28 4.9

ШҚО полиция департаментінің жаңа бастығы таныстырылды

15.05.2023, 09:15 430 Ләззат Қанатқызы

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен ШҚО ПД басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды.

Жеке құраммен жаңа бастықты ҚР ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Омарбеков Ерлан Болатұлы 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Әртүрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы болып қызмет еткен.

Кездесу барысында Ержан Саденов қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының бағыттарының бірі ретінде жүйеішілік өзгерістерге жеке тоқталды.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі процесті оңтайландыру, кадр саясатын қайта қарау, ішкі конкурстық іріктеуді енгізу негізінде қызметкерлерді ілгерілету тәртібі, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту жөніндегі шараларға баса назар аударды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив