KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Жыл басынан бері жол апаты деңгейі 24,8% - ға төмендеген - ШҚО

23.08.2022, 11:16 314

19 тамыз күні ШҚО ПД плацында Өскемен қ. ПБ патрульдік полициясы мен ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы саптық бөліністерінің жиыны өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш шарада ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын жеке тексерді, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша міндеттерді қойды.
- Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар облыс автожолдарындағы апаттылық деңгейінің 24,8% - ға (310-нан 233-ке дейін), сондай-ақ жарақат алғандар саны 24,5% - ға (429-дан 324-ке дейін) және қаза болғандар саны 28,1% - ға (32-ден 23-ке дейін) төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді - деп атап өтті полиция полковнигі Серік Жүнісбеков.

Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің назарын жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін арттыруға, жол қозғалысының барлық қатысушыларының ЖҚЕ-де көзделген қатаң сақтауына, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жарақаттану мен өлім санын азайтуға, оның ішінде жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін арттыруға ықпал ететін қосымша шаралар қабылдауға аударды.
Іс-шара соңында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға және Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісіп, салтанатты маршпен өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу