KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

ШҚО жолдарында қауіпсіздікті бақылаудың заманауи әдістерін қолдану қажет

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

5.07.2023, 11:34 410

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков “Сергек” компаниясының өкілдерімен кездесті.

Тараптар жол қауіпсіздігін, жол жүру ережесін бұзуды анықтау мен түрлі қылмысты ашудағы бейнетіркеу камераларының тиімділігін талқылады, деп хабарлайды Altaynews polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Автокөлік паркінің кеңінен өсуі және елді мекендердің қарқынды дамуы облыс қалаларын дамытудың бас жоспарына өзгеріс енгізіп қана қоймай, өзге де шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті. Дәлірек айтқанда, жол және қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйін бақылаудың заманауи әдістерін қолдану қажет.

“Көркем Телеком” компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Арман Альмереков “Сергек” кешендерінің жұмыс ерекшеліктері, қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыру кезінде полиция қызметкерлерінің бейнебақылау жүйелерін пайдалану тиімділігі туралы айтып берді. Полиция департаментінің бастығы қоғаммен ашық диалог орнатуға және халықтың өтінішіне ден қоюға, облыс тұрғындары мен қонақтарына кәсіби, консультациялық көмек көрсетуге басымдық берілетінін атап өтті.

                  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу