Катонқарағай тұрғыны үйінде тіркелмеген қару сақтаған – ШҚО
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Биылғы мамыр айының соңында ШҚО ПД жедел бөлімшесіне Катонқарағай ауданының 29 жастағы тұрғыны үйінде тіркелмеген қару сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен.
Сот үкімі бойынша аудан тұрғынына 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция қызметкерлері мәлімдемені ала салысымен дереу тексеруге кіріскен. Жедел тінту барысында аталған азаматқа тиесілі үй-жайдың шатырынан атыс қаруы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қару 5,6 мм калибрлі «ТОЗ-8» үлгісіндегі атуға жарамды мылтық екені анықталған.
Дерекке сүйенсек, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Нәтижесінде 15 маусымда аудандық сот үкімі бойынша күдіктіге 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.