Кеден бекетіндегі жөндеу жұмыстарында қиындық бар – ШҚО
Фото: Шығыс ақпарат
Қазір облыста «Майқапшағай» кеден бекетін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
Жоспар бойынша «Майқапшағай» кеден бекетінің жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жөндеу жұмыстары шекараға дейінгі 6 жолақты жолды, бір гектардан асатын көлік тұрағын, екі ел арасындағы сауда-саттықты дамытатын арнайы орынды қамтиды. Қазір жөндеу жұмыстарына 62 жұмысшы тартылған. Алайда қажетті материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі салдарынан жұмыс сәл кешеуілдеген.
Айта кетелік, аталған мәселенің шешімі жақын арада қарастырылмақ.
Дерекке сүйенсек, ҚХР мен арадағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Бұл тұрғыдан аталған кеден бекетінің маңызы зор. Күн сайын кеден бекеті арқылы 100 шақты көлік өтетін көрінеді.