KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

Жас полицейлердің республикалық слеті мәресіне жетті – ШҚО

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

24.07.2023, 12:25 197

19-20 шілде аралығында ШҚО полиция департаментінде жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің республикалық слеті өтті. Оған елдің барлық өңірінен 70-тен астам тәртіп сақшысы қатысты.

20 шілдеде қорытынды форум өтіп, тәлімгерлер мен жас полицейлер шараның маңызы мен алған әсерлері туралы жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Форумды ашқан ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков жас полицейлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған тәлімгерліктің рөлін арттыру өзекті мәселелердің бірі екенін және бұл шара ел өңірлері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Республикалық слеттің жұмысына біздің жас қызметкерлерімізден бөлек, саналы ғұмырын ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған, өз саласының бір емес, бірнеше буынын, кәсіби мамандарды тәрбиелеп шығарған, бүгінгі таңда еліміздегі қылмыспен күреске және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге лайықты үлес қосып келе жатқан олардың үздік тәлімгерлері қатысып отыр. Дәл осы жерде біз ұрпақтар сабақтастығы мен Қазақстан полициясының даңқты дәстүрін жалғастырудың негізі мен байланысын көріп отырмыз, - деп толықтырды өз сөзінде ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Ораз Жолдасов.

Ауқымды шара мерекелік концертпен және жас полицейлерді тәрбиелеуге зор үлес қосқан тәлімгерлер мен жас қызметкерлерді марапаттау рәсімімен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив