KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО жас полицейлердің республикалық слеті басталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

20.07.2023, 10:40 121

19 шілдеде ШҚО полиция департаментінің алаңында жас қызметкерлер мен тәлімгерлерінің республикалық слетінің салтанатты ашылуы өтті.

Слетке елдің барлық өңірлерінен 70-тен астам тәртіп сақшысы қатыспақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Слетті өткізудегі мақсат – жас полицейлердің кәсіби біліктілігін арттыруда тәлімгерліктің рөлін арттыру, жұмыс тәжірибесімен алмасу. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жас қызметкерлермен жұмыс істеуі олардың кәсіби сауаттылығына, процессуалдық құжаттарды дайындай алуына, қылмыскерлерді ұстау дағдыларын меңгеруіне, азаматтармен қарым-қатынаста тәртіп пен заңдылықты сақтауына бағытталған.

Қатысушылар қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлерді еске алды. Гүл шоғын қою рәсімін ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков пен ІІМ Кадр саясаты департаментінің басшысы полиция полковнигі Ораз Жолдасов басқарды.

Қатысушылар ШҚО ПД Оқу-жаттығу орталығына барып, қоян-қолтық күрес дағдылары мен тәсілдері қолданылған қойылым көрсетті.

           

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив