KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Аймақтардан жиналған полицейлер тимбилдингке қатысты – ШҚО

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

20.07.2023, 15:58 268

19 шілдеде ШҚО ПД-да жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің республикалық слеті басталды. Оған елдің әр өңірінен 70-тен астам полиция қызметкері қатысады.

Слет аясында тәртіп сақшылары полицейлердің командалық рухын көтеруге және біріктіруге бағытталған тимбилдингке қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Спорттық ойындар мен эстафеталар, конкурстар қатысушылардың бейресми қарым-қатынас орнатуы үшін ойластырылған.

– Топтық терапия – бұл жұмыстың тиімді әдістерінің бірі. Ол өз эмоцияңды жақсы түсінуге және басқаруға көмектеседі, – дейді ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Ораз Жолдасов.

Сонымен қатар елдің барлық аймағынан келген кадр бөлімшелерінің басшылары семинар-кеңеске қатысып, тәлімгерлік пен ішкі істер органдарындағы кадр саясаты мәселелерін талқылады.

– Қазақстан полициясының жас буыны – біздің ертеңіміз. Біз, басшылар, тәлімгерлер, ІІО ардагерлері – олар үшін жауаптымыз. Өйткені полицияның болашағы, қылмысқа қарсы күрес пен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету олардың алғыр ойы мен шеберлігіне байланысты болады. Тәлімгерлік – ұрпақтар сабақтастығы қағидатының нақты көрінісі. Өйткені біздің жас қызметкерлермен жұмысымыздың түпкілікті нәтижесі нақты ойластырылған көзқарас пен қарым-қатынасқа байланысты, – дейді полковник Ораз Жолдасов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив