KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

ШҚО-дағы ауылдардың бірінде футбол алаңы салынды

Фото: «AMANAT» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі

10.08.2023, 09:30 744 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы Жоғарғы Хайрузовка ауылында шағын футбол алаңы салынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоба AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқанын айта кеткен жөн.

«Сайлау науқаны кезінде Жоғарғы Хайрузовка ауылының тұрғындары ауылға футбол алаңы қажет екенін айтып, өтініш білдірген еді. Міне, сол футбол алаңы салынып, пайдаға берілді», – дейді Риддер қалалық мәслихатының депутаты Павел Попов.

AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында Риддер қаласында жыл соңына дейін 500-ден астам спорттық іс-шара өткізіледі деп көрсетілген.

Жалпы, партия алдағы бес жылда халық денсаулығын нығайтуды, бұқаралық спортты дамытуды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив