KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Облыста жыл басынан бері 60-тан астам көлік өрті тіркелген

Фото: egemen.kz

29.08.2023, 10:10 143

ШҚО-да "Газбаллон" жедел алдын алу іс-шарасы өтті.
Шара өрт пен жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскемен қаласы ТЖБ бастығының орынбасары Дастан Ахметов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес басқа мақсатпен салынған және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, жер деңгейінен төмен орналасқан жабық автотұрақтар мен паркингтерге газ баллон жабдығы бар көліктерді қоюға жол берілмейтінін атап өтті.

ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, көлік иелері арнайы жабдықты орнатарда арзан түрін таңдап, арнайы мамандандырылмаған жағдайда орнатуы жиі кездеседі.

Профилактикалық шара аясында ТЖД қызметкерлері мен ПД мамандары бірлесіп рейд өткізді. Облыстағы 3 жерасты паркингінің бәрі Өскемен қаласында орналасқан.

ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері көлік иелеріне арнайы дайындалған жадынамаларды тапсырып, қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

Жыл басынан бері облыста 60-тан астам көлік өрті тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив