Өскеменде «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтеді
Фото: egemen.kz
Өскемен қаласында 24-26 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел- алдын алу іс-шарасы өтеді.
Шара барысында сақшылар елді мекендерді, әкімшілік учаскелерді және саяжай бірлестіктерін аралайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алдын алу шарасы қоғамдық тәртіпті қамту және қылмыстың алдын алу мақсатында іске асырылады.
Полиция қызметкерлері елде қалу ережесін бұзған шетелдік азаматтарды анықтап, есепте тұратын тұлғаларды бақылап, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау жұмысын жүргізеді.
"Іс-шара аясында полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын негізге алады. Полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу «102» жедел арнасына хабарлауға шақырады", – делінген Өскемен қаласы полиция басқармасының хабарламасында.
Оқи отырыңыз