KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Полицейлер арасында мергендер анықталды – ШҚО

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

4.09.2023, 17:32 229

ШҚО ПД-да полиция қызметкерлерінің арасында мергендер турнирі өтті.

Іс-шараға ПД аппараты мен Өскемен қаласы полиция басқармасының 20-дан астам қызметкері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

25 метр қашықтыққа ату сайысын ерлер де, әйелдер де орындаған. Ал Калашников автоматынан 100 метр қашықтықтан ату сайысына тек ер адамдар қатысты. 

Спорттық іс-шара жеке құрамның жауынгерлік және кәсіптік даярлығын, атыс дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Үздік атанған қызметкерлер Қызылордада өтетін республикалық жарысқа қатысады.

Калашников автоматынан ату жаттығуында ерлер арасында Дидар Базарбаев озып шықса, Макаров тапаншасынан атуда әйелдер арасында ШҚО ПД АБ-ның аға анықтаушысы Татьяна Титаренко үздік атанды. Макаров тапаншасынан ату сайысында ерлер арасында Асылхан Идырисов пен Шалқар Белдеубаев үздік нәтиже көрсетті.

Жарыс жеңімпаздарына естелік сыйлық табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив