KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
525.11 546.74 4.88

Мерген полицейлер анықталды – ШҚО

23.06.2021, 10:35 192

ШҚО полицейлері арасында жауынгерлік қарудан оқ атудан турнир өтті.

«Қазақстан полициясы күнін» мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ спорттың қызметтік-қолданбалы түрлерін дамыту мақсатында Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы «Динамо» ДШСҚ-мен бірлесіп, облыстың қалалары мен аудандарынан келген полицейлердің қатысуымен карантиндік шараларды сақтай отырып, спорттық іс-шара өткізілді.

- Жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыстар ҚР ІІМ чемпионатына қатысу үшін үздіктерді іріктеу және анықтау мақсатында өткізіледі, - деп атап өтті Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Мерхат Дюсупов. 

Жарысқа 9 команда қатысты. Олар: Полиция департаментінің аппараты, Өскемен қ. ПБ, Ертіс, Үлбі, Солжағалау полиция бөлімдері, ПД патрульдік полиция батальоны, Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальоны, сондай-ақ Ұлан және Глубокое полиция бөлімдері.

Полиция қызметкерлері жаттығудың 3 түрі бойынша жарысты, ол Макаров тапаншасынан ерлер мен әйелдер арасында спорттық нысана бойынша 25 метр қашықтықтан статикалық ату, сондай-ақ ерлер арасында 100 метр қашықтықтан АК-74 ату.

Чемпионатты өткізу қорытындысы бойынша бірінші орынды ШҚО ПД аппаратының командасы, екінші орынды Өскемен қ.ПБ аппараты, үшінші орынды ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны иеленді.

Жеңімпаздар жеке және командалық есепте медальдармен, грамоталармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Динамо» ДШСҚның бірінші орынбасары Ерлан Жұмаділовтың айтуынша, тәртіп сақшылары табельдік қаруды меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Мұндай жарыстар полицейлердің алдында тұрған міндеттерді шешуге және орындауға, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау ықпал етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу