Өскеменде веложарыс және садақ атудан турнир өтеді
Шартты сурет: RELAX.COM.UA
Өскеменде осы сенбіде ауқымды екі турнир ұйымдастырылады.
Облыс орталығында велосипед спорты бойынша ерлер арасында жарыс өтеді. Сондай-ақ дәстүрлі садақ атудан «Көшпенділер ізімен» қалалық турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Көшпенділер ізімен» ашық қалалық турниріне 18-35 және 36-50 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатысады. Ал тасжолдағы веложарыс 18 жастан асқан ер адамдар арасында өткізіледі. Қатысу тегін.
Топтық веложарыс 29 шілде күні сағат 10.00-де Шешек асуында басталады. Жарыстың мәресі – Сібе көлдеріндегі «Төр Алтай» демалыс базасы. Жүлде қоры – 900 000 теңге.
Дәстүрлі садақ атудан жарыс та 29 шілде күні осы Сібе көлдеріндегі «Төр Алтай» демалыс базасында өтеді. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге.
Турнир 4 санатта өткізіледі:
🔸 I санат 18-35 жас (ерлер);
🔸 II санат 36-50 жас (ерлер);
🔸 III санат 18-35 жас (әйелдер);
🔸 IV санат 36-50 жас (әйелдер).
Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталады:
- Садақпен атудағы үздік техника;
- Үздік ұлттық киім.
Байланыс телефондары: 8 705 500 65 74; 8 777 542 51 51