KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы заңсыз цехтан 10 мың бөтелке алкоголь тәркіленді

Фото: egemen.kz

11.09.2023, 11:16 159

ШҚО-да алкоголь өнімдерін заңсыз жасап шығаратын жасырын цех анықталып, оны ұйымдастырған тұлғалардың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Дерек Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы жұмысының барысында анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған жұмысты сонымен қатар ШҚО Прокуратурасы үйлестірген.

Тінту барысында алкоголь дайындайтын құрал-жабдықтар мен ыдыстар, есепке алу-бақылау маркасының 4 мың данасы және әр түрлі атауы бар 10 мың бөтелке дайын алкоголь табылып, тәркіленген көрінеді.

– Өскемен қалалық №2 сотының үкімі бойынша қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланғаны, заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізгені үшін ұйымдастырушы мен оның сыбайластарына қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алынған контрафактілік өнім жойылды. Үкім заңды күшіне енді, – деп жазылған Прокуратураның мәлімдемесінде.

ШҚО Прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан бері осындай өнім шығаратын екі цехтің жұмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

 

             

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу