ШҚО-да 3,5 тоннадан астам заңсыз спирт өнімері тәркіленді
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Облыс орталығында заңсыз алкоголь өнімдерін тасымалдаған тұрғын ұсталды.
Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері 26 маусым күні 41 жастағы тұрғын тізгіндеген "Hyundai" маркалы шағын автобусты тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары тиісті құжаттарсыз құрамында спирті бар 5 литрлік 739 пластикалық бөтелкені тапқан. Тәркіленген заттар одан әрі тексеру үшін сараптамаға жіберілді, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаменті сапасына ешкім кепілдік берілмейтін заңсыз алкоголь өнімдерін тұтыну денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады.
Оқи отырыңыз