Мерейлі отбасы: Шығысқазақстандық полицейлер отбасы жеңіспен оралды
«Мерейлі отбасы» республикалық байқауында Шығыс Қазақстан облысының намысын Макиленовтар отбасы қорғаған болатын.
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауына еліміздің әр өңірінен 200-ден астам үміткер қатысты. Байқауда шығыстың намысын қорғаған Макиленовтар отбасы жеңіспен оралды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жеңімпаздарды әуежайдан туыстары мен әріптестері салтанатпен қарсы алды.
Ернұр мен Әсем Макиленовтар - 13 жыл бойы тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан отбасы, үш бала тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Ұзақ жылдар бойы халық игілігі үшін қызмет етіп келеді. Отағасы ішкі істер органдарында 20 жылдан бері жұмыс істеп жүр. Ол қазір Алтай ауданы Серебрянск қаласы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Жұбайы Әсем Серебрянск қаласы полиция бөлімінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекші маманы болып жұмыс істейді.