2 жасар баланың үстіне кір жуғыш машина құлап кетті – ШҚО
Фото: f.azh.kz
ШҚО-да 2 жасар баланың үстіне ыстық су толған кір жуғыш машина құлап кетіп, денесінің 79 пайызы күйіп қалды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 тамыз күні Алтай қаласында болған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сол уақыттан бері дәрігерлер екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
Бүлдіршін үйде ойнап жүріп, ыстық су толған кір жуғыш машинаны үстіне құлатып алған. Соның салдарынан басын, мойнын, денесін, аяғы мен қолын термиялық күйік шалды. Жалпы денесінің 79 пайызы күйіп қалған. Ол санитарлық авиациямен шұғыл түрде Өскемен қаласына жеткізілді.