Семейде ұялы телефонмен ойнаған бала күйіп қалды
Семейде ұялы телефонмен ойнап отырған баланы тоқ соғып, қолы күйіп қалды, деп хабарлайды Aktaynews тілшісі.
Оқиға 29 қаңтарда Дулатов көшесінде болған. Жедел медициналық жәрдем кезекшісінен 3 жасар баланың күйіп қалғаны туралы хабар түседі.
Баланың тұрмыс жағдайында күйіп қалғаны белгілі болды. Бүлдіршін қуаттау үшін тоққа қосылған телефонмен ойнап отырған екен. Оны кенеттен тоқ соғып, оң жақ білегі күйіп қалыпты.
Оқи отырыңыз