KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Төтенше жағдай департаментіне жаңа басшы тағайындалды - ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД

29.09.2023, 16:05 129 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да Төтенше жағдай департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ШҚО ТЖ департаментінің бастығы болып Ерғали Бахаев тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР ТЖМ Штаб-департаментінің бастығы қызметін атқарған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жаңа басшыны ұжымға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды. 
Ерғали Бахаев 1973 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын "техникалық-құқықтық сараптама" мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін "Ұлттық Ұландағы менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі.  
Азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді, қызмет жолын ҚР ТЖМ әскери бөлімі құтқару взводының командирінен бастады. Одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінде қызметін жалғастырды. 2018-2020 жылдары-Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив