ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ШҚО ТЖ департаментінің бастығы болып Ерғали Бахаев тағайындалды.
Ол бұған дейін ҚР ТЖМ Штаб-департаментінің бастығы қызметін атқарған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұжымға жаңа басшыны ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.
Ерғали Бахаев 1973 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын "техникалық-құқықтық сараптама" мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін "Ұлттық Ұландағы менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі.
Азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді, қызмет жолын ҚР ТЖМ әскери бөлімі құтқару взводының командирінен бастады. Одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінде қызметін жалғастырды. 2018-2020 жылдары-Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары болған.