Кәсіподақ орман шаруашылығы саласындағы жұмысшыларға құрмет көрсетті - ШҚО
10 қазан күні елімізде Кәсіподақтар күні атап өтіледі. Тәуелсіздік алғалы Кәсіподақтар федерациясы қарапайым жұмысшылардың құқығы үшін күресетін күшті әрі тәуелсіз жалғыз ұйымға айналған.
Қазіргі күні жұмысшылардың, әсіресе орманшылардың еңбек құқығы қалай қорғалатынын өңірдегі салалық кәсіподақ төрағалары айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Елімізде қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген адамдардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі, яғни «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні».
Осы ретте Өскеменде салтанатты жиын өткізіліп, орман шаруашылығы саласына еңбегі сіңген қызметкерлерді марапаттады.
Батыс Алтай қорығында ғылым және туризм бөлімінің басшысы Әлібек Тоқымтаев қазіргі уақытта орманшыларға мемлекет тарапынан да бірқатар қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Шілде айынан бастап еңбекақылары да екі есе өсіпті.