Самарда ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер субсидияға 280 өтінім берген
Фото: egemen.kz
Самар ауданында шағын және орта бизнес субьектісінің саны қазіргі таңда 938-ге жетті. Былтырмен салыстырғанда олардың саны 113 пайызға өскен.
Ал ауыл шаруашылығымен айналысатын 428 шаруа қожалығы бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл күзгі егіске деп 1167 тонна дизель отыны бөлінді.
Биыл аудандағы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер субсидия алу үшін 280 өтініш жазған. Өтінімдерде көрсетілген жалпы сома – 360 млн теңге.
Сонымен қатар, 171,4 млн теңгеге 14 техника сатып алынды. Биыл «Қараөткел» шаруа қожалығына 200 бас абердин-ангус сиырын сатып алу жоспарланып отырған көрінеді.