Бұқтырма су қоймасының Самардағы жағалауында 20 мың турист демалған
Бұқтырма су қоймасының Самар ауданындағы жағалауында 1030 демалыс орны бар. Аталған демалыс базалары барлығы 2220 адамға шақталған.
Аудан әкімдігінің дерегінше, биыл аталған аумаққа 20 мың турист барған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Сарыбел ауылындағы жағалауда туризмді дамыту үшін жоспар әзірленген. Жоспарға сәйкес облыстық маңызы бар «Самар-Васильев өткелі» (40-169 шақырымы) жолы жөнделді. Жобаның құны – 95 млн теңге, – дейді аудан әкімі Нұрлан Махамбетов.
Аталған жолда шұңқыр жөнделді. Жөнделген бөліктің ауданы – 4 200 шаршы метр.
Ал 2022 жылы Сарыбел ауылына кіреберіс жолдың 2,5 шақыры жөнделіп, оған 90 млн теңге жұмсалған көрінеді.
– Одан өзге келесі жылы Новостройка ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу жоспарланып отыр. Қазір жобаны сараптамадан өткізіп жатырмыз. Жобаның жоспардағы құны – 100 млн теңге, – дейді әкім.
Оқи отырыңыз