ШҚО прокуратурасы инвестициялық жобаларды қолдау шараларын қабылдап жатыр
Фото: egemen.kz
Прокуратура маңызды инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп жатыр. Инвесторлардың құқығы бұзылуына жол бермеу және олардың қызметін ілгерілетуге көмек көрсету мақсатында облыстық прокуратурада фронт-офис қызмет көрсетеді.
Фронт-офистің жұмысына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар қатысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Прокурорлар инвесторлардың жобасын іске асыруда, олардың өзінің қызметінде кездесетін кедергілерді тиімді шешеді.
Инвесторлардың хабарламаларына жедел ден қою үшін облыс прокуратурасында мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Оның байланыс телефоны: 87054180521. Одан өзге, күн сайын кезекші прокурордың жеке қабылдауына жазылуға болады. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Пермитин к., 21, телефоны: 8(7232)24-32-99.