KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

ШҚО-дағы заводтың мүлкі мен шотына салынған шектеу уақтылы алынбаған

17.10.2023, 16:36 133

Прокуратура маңызды инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп жатыр. Инвесторлардың құқығының бұзылуына жол бермеу, қызметін ілгерілетуге көмек көрсету мақсатында облыстық прокуратурада фронт-офис жұмыс істейді. Оның жұмысына мүдделі органдар мен ұйымдар қатысады. Прокурорлар инвестордың жобасын жүзеге асыруда, оның өзінің қызметінде кездесетін проблемаларды шешеді.

Прокуратураның дерегінше, мамандар «Востокмашзавод» мекемесінің мүлкі мен шоттарына салынған шектеу уақтылы алынбағанын анықтаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Акционерлік қоғамның инвесторы прокуратураға жүгініп, атқарушылық іс тоқтатылғаны және компанияның борышкерлердің бірыңғай тізімінде жоқтығына қарамастан мекеменің шоттары мен мүлкіне салынған шектеу алынбағаны анықталды.                         

– Сот орындаушыларының әрекетсіздігі, тыйымы инвестордың қызметін дамытуға және инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірді. Мекеме мәселені шешу үшін сот орындаушыларына және Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің техникалық қолдауына өз бетінше өтініш берген. Өтініш оң нәтиже берген жоқ, – деп жазылған прокуратураның хабарламасында.

Облыс прокуратурасы араласқаннан кейін ғана ШҚО әділет департаменті «Востокмашзавод» АҚ-ның шоттары мен мүлкіне салынған шектеуді алып тастау шарасын қабылдады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив