KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Сарбаздар әскери борышын өз өңірінде өтей алады

Фото: "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

27.10.2023, 16:02 231

Енді сарбаздар Отан алдындағы борышын өз өңірінен жыраққа бармай-ақ өтей алады.

Қазір Қорғаныс күштері мен өзге де әскери құрылымдарда мерзімді әскери қызметшіні жасақтау экстерриториалды қағидат бойынша жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Яғни, жеке құрамдағы сарбаздар өзі тұратын елді мекеннің, өңірдің аумағынан тыс жердегі әскери бөлімдер мен құрылымдарда іріктеледі.

Биыл қараша мен желтоқсан аралығында Ұлттық ұлан сарбаздары өз облысының құзіретіне беріледі.

Мысалы, Семей қаласынан шақыртылатын сарбаз Өскемен және Павлодар қаласында қызмет ете алады. Дәл солай Павлодар мен Өскемен қаласынан шақырылғандар да Семейде 1 жыл борышын өтей алады. Олар Ұлттық ұланның тек «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады.

Ұлттық ұлан әскерінің сапында қызмет етуге қатысты сұрақтардың жауабын 87775417213 нөмірі арқылы білуге болады. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу