KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Әскери борышыңды өз туған өлкеңде өтеуге бола ма?

8.03.2023, 11:23 468 Мадина Амангелдіқызы

Барлық аналарды мазалайтын сұрақтардың бірі - ұлының  әскери борышын өзі туып-өскен аумағында өтеуіне бола ма?

Қазақстан Республикасының Қорғаныс күштері мен өзгеде әскери құрылымдарды азаматтарды әскерге шақыру арқылы жасақтау экстерриториалдық  принциптер бойынша жүзеге асады. Яғни, жеке құрамды өзі тұратын елді мекендегі әскери бөлімдер мен құрылымдардан тыс аумақтан жасақтау. Бірақ биыл мамыр мен маусым айында экстерриториалдық принциптер өз облысының құзіретінде болады екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Биыл мамыр айынан маусым айы аралығында және тек Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының экстерриториалдық  принциптері өз облысының құзіретінде болады.  Мысалы,  Өскемен қаласынан шақырылатын болашақ сарбаз Семей және Павлодар қалаларында әскери борышын өтеуіне болады.Дәл солай, Павлодар, Семей қалаларынан шақырылғандар Өскеменде   1 жылдық әскери міндетін атқаруға  мүмкіндігі бар, яғни, тек Ұлттық ұланның  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы сапына әскерге шақырылуға қатысты барлық сұрақтар бойынша 87775417213  нөмірі арқылы ақпарат алуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу