Самарда қыркүйек айында көмір бағасы 25 мың болған
Фото: Тілеубек Шаяхметов
Самар ауданының әкімі Нұрлан Махамбетов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіге қатысқанда журналистер көмір бағасы мен оны реттеу шаралары туралы сұрақ қойған. Аудан әкімдігі сұрақтың жазбаша жауабын жіберіп, аудандағы жағдайды мәлімдеді.
Қыркүйек айындағы жағдай бойынша ауданда көмірдің бағасы 25 мың теңге болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аудандағы тұрғындарға өмірді жеке жеткізуші жеткізіп береді. Одан өзге халыққа көмір сатуға арналған, сыйымдылығы 300 тоннаға жуық қойма бар.
— Биылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша халыққа сататын көмір қажеттілік бойынша жеткізіледі. Бүгінгі таңда халықтан көмір жеткізуге өтінім қабылдау жүріп жатыр. Бір тонна көмірдің құны 25 мың теңгені құрайды. Жеке тұлғалар өз жүк көлігімен "Қаражыра" карьерінен көмір жеткізеді, бір тоннаның құны 27 мың теңгені құрайды (баға 485 шақырым қашықтық пен жанар-жағармайдың бағасына (дизель отынының 1 литрі 260 теңге)байланысты қалыптасады), — деп жазылған аудан әкімдігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз