KZ
Өскемен
-11°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Марқакөл қорығында бұлан фототұзаққа түсті

24.11.2023, 21:01 543 Қызырбек Дүргінбайұлы

 Табиғатты қорғауда қорық қызметкерлерінің еңбегі зор. Қорықтағы аң-құстарды фототұзақ арқылы да бақылап отырады.

 

Бұл жолы фототұзаққа бұлан түсіп қалған екен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Алдымен бұланның алаңсыз кетіп бара жатқандығы бейне таспаға түссе, артынша бұғы да төбе көрсеткен.

 

Қорық қызметкерлерінің сөзінше, аумақта алшаң басып жүрген ірі бұлан. Бұл қорық аумағындағы тыныштықты білдірсе керек-ті. Бұландардың ең ауырының салмағы 600 келінің мөлшерінде болса, дене тұрқының ұзындығы 3 метрге жуықтайды.

 

Жалпы қорық қызметкерлері аң-құсқа қамқорлық тантуды әрдайым насихаттап отырады. Соның бір дәлелі - жуықта өткізілген  «Қар барысын бірге сақтайық!» акциясына арналған суреттер көрмесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу