KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

ШҚО-дағы техникалық университет пен Ресей университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

25.11.2023, 17:16 219 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Ресей Федерациясының Самара облысына сапары барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ университеті мен Самара мемлекеттік техникалық университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Келісім екі университет ғалымдарының ынтымақтастығын, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, дарынды жастарды тарту үшін әрі қарай өзара іс-қимыл жасауды және IT мамандықтарын дамытуды көздейді. ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасы IT мамандарын даярлау үдерісіне белсенді түрде атсалысатын болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бүгін делегаттар Самара мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында болды. Кітапханада барлық ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің тиімді жүйесімен жабдықталған.

Кітапхана ерекшелігі студенттер университеттің веб-сайтында тек осы университеттің кітапханасымен ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастық орнатқан басқа да оқу орындарының деректер базалары мен электронды кітапханаларындағы оқу материалдарын, ғылыми басылымдарды, зерттеулерді пайдалана алады. Бұл студенттердің уақытын айтарлықтай үнемдейді және тікелей университет веб-сайтындағы бір кіру нүктесінен әртүрлі платформаларда орналасқан жоғары сапалы ақпарат көздерін жылдам пайдалану мүмкіндігін береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив