Самар ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысына 1 млн теңге айыппұл салынды
![](/kz/uploads/posts/2023-11/2022_03_02_h4vkr0-0-16.webp)
caspianlife.kz
Аудандағы жергілікті атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша пайдалану бойынша 16 байқауды өткізбеген.
Жыл басынан бері ШҚО прокуратура органдары құны 690 млн теңге құрайтын 40 мың га 119 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО Прокуратурасы ақпаратына сүйеніп.
Оның ішінде жалпы құны 430 млн теңгеден асатын 37 мың га пайдаланылмаған 101 жайылым учаскесі болған.
Аймақтың ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы ерекшеліктерін ескеріп, жер заңнамасының сақталуын қадағалау аумақтық прокуратуралардың тұрақты бақылауында.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратураның араласуынан кейін осы жылдың 31 қазанында аудан әкімдігі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарлама жолдады.
Глубокое ауданы прокуратурасының тексеруімен аудан аумағында 42 мың га жайылым мақсатымен пайдаланылмайтыны анықталды. Нәтижесінде, Глубокое ауданы әкімінің атына қадағалау актісі енгізілді, бүгінгі күні мемлекетке жалпы ауданы 600 гектар және құны 4,8 млн теңге құрайтын 10 жер учаскесі қайтарылды.
Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.