ШҚО-да құны 690 миллион теңге болатын жер мемлекет қарамағына қайтарылды
Фото: Абзалбекова Анель
ШҚО прокуратурасының мәлеметінше жыл басынан бері мемлекет меншігіне құны 690 млн. теңге құрайтын 40 мың га 119 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Оның ішінде жалпы ауданы 430 млн.теңгеден асатын 37 мың га пайдаланылмаған 101 жайылым учаскесі кіреді.
Аймақтың ауыл шаруашылық және мал шаруашылығы ерекшеліктерін ескеріп, жер заңнамасының сақталуын қадағалау аумақтық прокуратуралардың тұрақты бақылауында.
Атап айтқанда, Самар ауданының прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп жер заңнамасы нормаларының сақталуына талдау жүргізген. Жергілікті атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша 16 конкурс өткізбегені анықталды.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген бұзушылықтар үшін әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 137-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Самар аудандық сотының 2023 жылғы 27 қазандағы қаулысымен оған 1,1 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды (қаулы заңды күшіне енген жоқ).
Глубокое ауданы прокуратурасының тексеруімен аудан аумағында 42 мың га жайылым мақсатымен пайдаланылмайтыны анықталды. Нәтижесінде, аудан әкімінің атына қадағалау актісі енгізілді, бүгінгі күні мемлекетке жалпы ауданы 600 гектар және құны 4,8 млн.теңге құрайтын 10 жер учаскесі қайтарылды.
Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жұмыстары жалғасады.