Әкімдік жер учаскелерін беру талаптарын сақтамаған – Күршім
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты былық-шылық ең көп анықталатын сала – жер учаскелерін беру.
Күршім ауданында жер учаскелерін беру бойынша конкурс өтетінін халық біле бермейді. Өйткені аудандық жер қатынастары бөлімі конкурс өтетіні туралы ақпаратты газетке жарияламаған. Осыған наразы болған күршімдік кәсіпкер облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне шағымданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кәсіпкердің өтінішін қараған департамент қызметкерлері аудан әкіміне кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу және бұдан әрі аудандық газетте жер учаскелерін беру туралы хабарландыруды міндетті түрде жариялауды қамтамасыз ету туралы хат жолдады.