Шабындық жерлер қалай және қанша жылға жалға беріледі?
Шабындық жердің жалға берілу мерзімі мәселесі көпшіліктің көңілін мазалайтыны белгілі. Шабындық алқаптары азаматтарға қандай тәртіпте, қанша жылға жалға беріледі?
– Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 36-бабына сай жер учаскелері ел азаматтары мен заңды тұлғаларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен, шалғайдағы мал шаруашылығы, яғни маусымдық жайылымдар үшін және тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін беріледі, – дейді ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова. – Уақытша өтеусіз жер пайдалану мерзімі бес жылдан аспауы тиіс. Жер учаскесін беру тәртібі аталмыш Кодекстің 43-бабымен анықталған. Азамат жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш берген соң ол жер комиссиясында қаралып, оң қорытынды болған жағдайда өтініш беруші жерге орналастыру жобасын әзірлейді. Соның негізінде әкімдік шешім қабылдап, уақытша жер пайдалану шартын жасасады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер актісін әзірлеген соң, құжат әділет органдарында тіркеледі. Тағы бір ескере кететін жайт, жер учаскесін құжаттары толық дайын болғанға дейін пайдалануға жол берілмейді.
Жауапты тұлғаның айтуынша, заңнамаға сай шаруа немесе фермер қожалығының ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған жер учаскесін пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап, қатарынан екі жыл бойы мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда Жер Кодексінің 94-бабында көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жататын көрінеді.
Сондай-ақ шабындық жерлер жекеменшікке берілмейді. Бұған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №148-Жарлығы шыққан. Онда мемлекеттік меншікте тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын және заңды тұлғаларға беруге 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта мораторий жарияланғандығы көрсетілген.