KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
510.18 601.91 6.51

ШҚО-да мемлекеттік тілді үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдері көп

27.11.2023, 13:04 338

Өңірдің Достық үйлерінің базасында «Кел сөйлесейік» атты ауызекі қазақ тілін үйрету клубтары ашылады. Бұл туралы бүгін Риддер қаласында өтіп жатқан Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында мәлім болды.

 

Көпмәдениетті ортаны дамыту және барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін облыста жүйелі жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Риддерде мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің саны жылдан-жылға көебйіп келеді. Солардың бірі – «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің белсендісі Ирина Хрущева.

 

– Менің қазақша сөйлеуім ешкімге жаңалық емес. Оқуды неғұрлым ертерек бастасаңыз, нәтиже соғұрлым тез болады. Мемлекеттік тілді жақсы білетін достарым өте көп. Қазақ тілін үйренемін деушілердің саны күн санап артып келе жатқаны мені ерекше қуантады. Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы болуға тиіс, – деді Ирина Хрущева.

 

 

Өңірімізде Ассамблея құрылымдары – Достық үйлері, «Возрождение» тіл мектептері және лингвистикалық кабинеттер арқылы да мемлекеттік тілді ілгерілету жұмысы жүргізіліп жатыр.

 

– Осыған байланысты мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп Достық үйлерінің базасында «Кел сөйлесейік» қазақ тілі клубтарын ашуды, оларды қажетті материалдық-техникалық жарақтандыруды тапсырдым. Тіл үйренгісі келетіндер көп, тек жағдай жасап, оқуды мүмкіндігінше қарапайым және қызықты ету керек, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.


 

 

Автор: Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу