Шығыс Қазақстанда қатты аязға байланысты оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бастауыш және орта буын оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Altainews.kz. Tu
Күршім ауданында 24 желтоқсанда ауа температурасының –23 пен –30 градус аралығында төмендеуіне байланысты мектептердің 1 және 2 ауысымындағы 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді. Бұл шешім келесі білім беру ұйымдарына қатысты:
«№1 Күршім орта мектебі» КММ
«№4 Күршім орта мектебі» КММ
«№5 Күршім орта мектебі» КММ
«№3 Күршім гимназиясы» КММ
«Теректібұлақ орта мектебі» КММ
«Бірлік негізгі орта мектебі» КММ
«Алғабас орта мектебі» КММ
«Құйған орта мектебі» КММ
Сондай-ақ, Алтай ауданында ауа температурасының –28 бен –32 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мектептердегі 1 және 2 ауысымдағы 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл шешім Алтай қаласындағы және аудан аумағындағы келесі білім беру ұйымдарын қамтиды:
«Путинцево орта мектебі» КММ
«Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» КММ
«Тұрғысын орта мектебі» КММ
«Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ
«Леснопристань орта мектебі» КММ
«Соловьев орта мектебі» КММ
«Маяк орта мектебі» КММ
Сонымен қатар, «Чапаев орта мектебі» КММ мен «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ білім беру ұйымдарында 0–9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан өткізіледі.
Мұндай шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыз ауа райының алдын алу мақсатында қабылданды.