KZ
Өскемен
-13°
туман жел 2 м/с, В
495.28 518.41 5.44

Риддерде шаңғы-роллер трассасы салынады

Шартты сурет: goldfinchteam.com

27.11.2023, 13:31 931

Батыс Алтайдың баурайындағы Риддер қаласында қысқы спортты дамытуға барлық мүмкіндік бар. Қысы ұзақ әрі жайлы болып келетін бұл өңір осы спорт түрінен ұлттық құраманың өкілдерін даярлайтын ұстаханаға айналуға тиіс.

 

Бүгін ШҚО әкімі Риддердегі «Олимпиец» спорт клубының жұмысымен, материалдық базасымен танысты. Еліміздегі қысқы спорттың отаны саналған шаһарда болашақта шаңғы-роллер жолы салынады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

 

– Риддер қысқы спорт түрлерінен ұлттық құраманың негізгі дайындық базасына айналуы керек. Ол үшін барлық қажетті жағдай бар. Бұл жөнінде алдын ала жоспар әзірлеп, тиісті министрлік өкілдеріне көрсетуіміз керек, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев. 


 

«Олимпиец» спорт клубының жетекшісі Михаил Ковалевтің айтуынша, клуб 2019 жылы құрылған. Қазір мұнда 6 жастан 15 жасқа дейінгі 61 жеткіншек шаңғымен жүгіру, биатлон сияқты қысқы спорт түрлерімен шұғылданады. Спортшылардың шеберлігін шыңдап, жаттығуына арналған Матренин соколок шоқысында ұзындығы 3 шақырым болатын шаңғымен сырғанау жолы бар. Болашақта бұл жерге шаңғы-роллер трассасын салу жоспары бар. Облыс әкімі шаңғы-роллер трассасы спортшыларға ғана емес, жалпы бұқараға да қолжетімді болуы қажет екенін атап өтті. Бұл бұқаралық спортты дамытуға тың серпін беріп, талантты жастардың жарыққа шығуына, жалпы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етпек.

 

Бүгінгі таңда кеншілер қаласында қысқы спорт түрлерінен облыс, республика біріншіліктері өткізіліп жүр. 

 

 

Автор: Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу