KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Скринингтен өту үшін жұмыс орнында демалыс берілуге тиіс

27.11.2023, 17:36 136 Айна Ескенқызы

Өкпенің қатерлі ісігінің алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында ШҚО көпсалалы  онкология және хирургия орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды.

 

Тексерілуге келген 125 тұрғынның ішінле 47 адам төмен дозалы компьютерлік томографиядан өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Жасанды интеллект технологиясымен төмен дозалы компьютерлік томография негізінде өкпе обырын скринингтен өткізудің пилоттық бағдарламасы біздің өңірде енгізілген болатын. 2019 жылы 150 пациент, 2022 жылы 468 адам осындай тексеруден өткен.

 

- Облыста барлық онкологиялық аурулардың құрылымында өкпе обыры 2-орынды, өлім-жітім бойынша 1-орынды алады. Патология 50 жастан асқандар арасында осы дертке шалдығу қаупі жоғары, өкпенің қатерлі ісігінің ең жоғары деңгейі 65-69 жаста тіркеледі. Негізінен бұл патология әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі анықталады. Биыл он айдағы мәлімет бойынша 472 науқас диспансерлік есепте тұр, - деді облыстық онкологиялық орталықта.

 

Орталықтың бас дәрігері Гүлмира  Сағидуллина тұрғындарға скринингтік тексерулерден өту үшін жұмыс орнында демалыс берілуге тиіс екенін айтты.

 

- Қазір халықтың жұмыс істейтін бір бөлігі скринингтерден өтуге уақыттары жоқтығын, басшыларының жұмыстан босатпайтынын айтып, ақталады. Алайда ҚР Еңбек кодексінің 23-бабының 5-тармағында «жұмыс беруші өзінің қызметкеріне медициналық тексерулерден (скринингтен) өту үшін жылына бір рет үш күндік демалыс беруге міндетті» деп жазылған. Сол себепті тұрғындар өздерінің осы құқығын пайдаланып, денсаулықтарына назар аударғандары жөн, - деді Гүлмира Сағидуллина.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив