ШҚО-да скринингтің жаңа түрі жүргізілмек
Фото: tirshilik-tynysy.kz
ШҚО онкологиялық аурулар бойынша елімізде көш бастап тұр. Қазір өңірде сүт безі обыры, өкпе обыры, колоректальды және асқазан қатерлі ісігі көп кездеседі.
Онколог мамандардың айтуынша, қауіпті дертке душар болғандардың көбі өте кеш біліп жататын көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аты жаман ауруды ерте анықтау мақсатында өңірде скринингтің жаңа түрі жүргізілмек.
- Жақын арада онкологияға арналған үш міндетті тексеруге өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясы қосылады. 2018 жылы біздің өңірде өкпенің қатерлі ісігін анықтау үшін төмен дозалы КТ қолдану бойынша алғашқы пилоттық жоба қолданылған болдын. Скринингтің бұл түрі жақсы нәтижет көрестіп, ұлттық жобаға айналды, - дейді ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина.
Айта кетейік, өңірде жыл сайын 2500-ге жуық жаңа қатерлі ісік диагнозы қойылады. Ал онкологиялық есепте бүгінгі таңда 13 878 шығысқазақстандықтар тұр.
Оқи отырыңыз