KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да өткен Ашық есік күнінің нәтижелері белгілі болды

1.12.2019, 13:05 242

ШҚ көпсалалы Онкология және хирургия орталығында қатерлі ісіктің алдын алу және оны ерте кезде анықтау бойынша Ашық есік күні өтті. Дәрігерлер бұл күні 44 адамды қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы жолғы тексерулер тыныс алу органдарының қатерлі ісік аурулрын алдын алу бойынша өткізілген болатын.

Сәулемен емдеу және диагностика орталығындағы компьютерлік томографта төмен дозалы 17 зерттеу жасалды. Тексерудің нәтижесінде екі адамнан қатерлі ісік және қатерлі ісік алды ауруы анықталды. Тағы алты адам тыныс алу органдарының дертіне шалдыққаны анықталған екен.

Дәрігерлер өкпенің қатерлі ісік дертіне шылым шегу, вирустық инфекциялар, тыныс алу органдарындағы созылмалы процесстер, өкпедегі емделмеген қабыну ошақтары, қауіпті химиялық заттармен жұмыс істеу секілді факторлар әсер ететінін ескертеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу