KZ
Өскемен
+9°
небольшая облачность жел 1,8 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Фото: ulysmedia.kz

5.12.2023, 19:00 160 Ынтымақ Толқын

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 6 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

 

Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді, екпіні - 23-28, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Желтоқсанның 6-7 күндері  ауа температурасы -3 градустан -2 градусқа, облыстың солтүстігінде -5 градустан -10-15 градусқа, ал облыстың батысында -18 градус аязға дейін күрт төмендейді. Болжам бойынша бұдан да төмен болуы мүмкін.

 

Өскеменде 6 желтоқсанда көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

 

Осыған байланысты азаматтарға елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тарту ұсынылады.

 

Егер шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйін нақтылаңыз. Көлікті жолға дайындаңыз. Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, қуаттайтын құралдар мен оларға қосалқы батареяларды алыңыз. Азық-түлік, сіріңке және жылы киім, қолшам, сондай-ақ жол бойындағы дәмханалардан шай құйып алуға болатын термосты қосымша алыңыз. Бензин қоры да жеткілікті болуға тиіс.

 

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив