ШҚО-да ауа температурасы күрт төмендейді
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 14 желтоқсан күні түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын жел соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Сонлай-ақ ауа температурасы -20...-25, облыстың солтүстігінде - 30 градусқа дейін күрт төмендейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осыған байланысты ШҚО ТЖД азаматтарға елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тарту керектігін еске салады.
- Егер шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйін нақтылап, көлігіңізді жолға дайындаңыз. Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, зарядтағыш құралдарды және оларға қосалқы батареяларды алыңыз. Азық-түлік, сіріңке және жылы киім, қол шамы, сондай-ақ жол бойындағы кафелерде толтыруға болатын ыстық шай термосын да ұмытпаңыз. Бензин құйып, қосымша бензин құйылатын ыдыс алыңыз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 нөміріне хабарлаңыз.
Оқи отырыңыз