KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО құтқарушылары мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті

фото ШҚО ТЖД-дан

10.12.2023, 22:00 133 Назерке Каримова

ШҚО құтқарушылары жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мұз өткеліне қалай қауіпсіз шығу керегін түсіндірді. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мұз өткелдері арқылы көлікпен жүрген кезде ондағы ақпараттық белгілердің талаптарын қатаң сақтауды, мұзға баяу, тежеусіз шығуды, көліктегі қауіпсіздік белдіктерін шешуді ескертті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

«Мұз өткелінде тоқтауға, жылдам қозғалуға, бұрылуға, алдағы көліктерді басып озуға және көлікке жанармай құюға тыйым салынады. Мұздың көтере алатын салмағынан асатын жүктемелерге жол бермеңіз. Айнала нашар көрінген кезде (тұман немесе боран болса) мұз үстіне шықпаған дұрыс», - делінген ақпаратта.

Қауіпсіздіктің негізгі шарты - мұз қалыңдығының жүктемеге сәйкестігі, яғни, жеңіл көліктің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см, жүк көліктері үшін кемінде 50 см болуы тиіс. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу