KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Құтқарушылар мұзға шығарда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді

3.12.2023, 17:18 229 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тұрғындарға мұзға шығарда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі  Kazinform порталына сілтеме жасап. 

ТЖД қызметкерлері мұздағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін рейдтерге шығып жатыр. Себебі қыстың алғашқы күндері мұз жұқа болатындықтан оның үстінде жүру қауіпті. 

«Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полицейлермен бірлесіп 400 рейд жүргізіп, 150 нұсқаулық берді. Сондай-ақ халыққа 14 рет жиын өткізді. Су айдындарында ескерту және тыйым салу белгілері орнатылып жатыр. Қазіргі уақытта облыста 1 ресми мұз өткелі (Күршім ауданы Қызыл ту өткелі) бар», - деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Онда жергілікті атқарушы органдар, жол қызметтері, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия жұмыс істейтін болады. 

«Мұз ағыны қатты су айдындарында, қамысқа жақын жерлерде әлсіз болады. Жылымық уақыты қауіпті. Өткен жылы 2 көлік мұз астына түсіп, қауіпсіздік шараларын сақтамаған 2 адам суға батып кетті», - деді ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Оның айтуынша, қалыңдығы 10 сантиметрден кем емес мұз адам үшін қауіпсіз. Мұзға тек жаяу шығу керек. 

Мұз үстіне топ болып жиналуға тыйым салынған. Балық аулауға арналған тесіктер бір-бірінен кемінде бес метр қашықтықта болуы тиіс. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу